Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте үйдің гаражы астынан аса ірі көлемде есірткі табылды

Шымкентте бір үйдің гаражы астынан аса ірі көлемде марихуана сақталған жертөле табылды  , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2024 11:51 Сурет: ҚР ІІМ
Шымкентте бір үйдің гаражы астынан аса ірі көлемде марихуана сақталған жертөле табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есірткі сатушыны қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері құрықтады.

Оның гаражының жертөлесінде бір қап марихуана мен 200-ге жуық есірткі орамасы анықталды.

Белгілі болғандай, жертөледе ер адам есірткіні өлшеп-орап, әрі қарай сату үшін сақтаған.

Тәркіленген есірткі құралдарының салмағы 10 келіден асты, бұл аса ірі көлемге жатады.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: