Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-дағы эвакуациялық орындарда ай-күні жеткен аналарға қандай көмек көрсетіліп жатқаны белгілі болды

БҚО: Эвакопунктте ай-күні жеткендерге қандай көмек көрсетіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 13:30 Сурет: pixabay
Қала іргесіндегі "бірінші дача" аталатын саяжайдан үй салып, осы кезге дейін алаңсыз тұрған Айдос Жұмағалиевтің отбасы қарғын су келгенде баспанасын тастап, эвакуациялық пунктке көшуге мәжбүр болған.

Отбасы қиын жағдайға тап болған кезде отанасы Раушанның ай-күні жетіп қалған еді. Уақытша орналасу пунктіне келген аяғы ауыр келіншекті сол жердегі дәрігерлер мен тұрғындар бақылауына алған. Қанша жерден жағдай жасалса да күтімді қажет ететін Раушанның жағдайы ешкімді бей-жай қалдырмаған. Дәрігерлер ерекше күтіп, қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізген.

Ай күні жетіп, Раушан Назым есімді қыз босанды. Жұмағалиевтер отбасының жағдайын естіген облыстық мәслихат депутаты Азамат Бисенов Раушанға хабарласып, екі айға пәтер жалдағанын айтқан.

"Жағдайымды естіген депутат хабарласып: "Сіз күтінуіңіз керек. Бала бақылауда болғаны жақсы. Сондықтан отбасыңыз үшін екі айға пәтер жалдадым",-деді. Ел ішінде неше түрлі әңгіме жүріп жатыр. Бірақ еліміз эвакуацияланған тұрғындарға барынша жағдай жасап жатыр",-дейді Раушан Табынова.

Айдос пен Раушанның отбасында осыған дейін Шырын, Нұрдос, Іңкәр деген балдар болса, енді Назым есімді қыз келді.

"Отбасымыздың жағдайын жасап, қолдауын білдірген жандарға алғысымыз шексіз. Көп ұзамай үйімізге ораламыз деген ойдамын",-дейді Раушан.

Гуманитарлық көмек жинау басталғалы ешкім шет қалып жатқан жоқ. Әсіресе, мәслихат депуттары белсенді. Осы кезге дейін облыстық мәслихат депутаттары 12 пәтерге мүмкіндігі шектеулі 1 топ мүгедектері мен көпбалалы жүкті келіншектерді уақытша пәтерге орналастырды.

Жалпы, осы кезге дейін халық қалаулылары 7 миллионнан астам теңгеге көмек көрсеткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: