Жаңалықтар тізбегі
0

Жайықтың суы сәт санап артып келеді

Жайықтың суы сәт санап артып келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2024 11:59 Сурет: pixabay
Оралда Жайық деңгейі сәт санап көтеріліп келеді. Қазір басты күретамырдың арнасы аймақтағы кіші өзендер мен сай-саладағы еріген қар суымен толығып жатыр. Ал Орынбордан келетін нөпір су елге әлі жеткен жоқ.

Жайықтың қазіргі деңгейі 737 см. Жалпы салыстыру үшін, су деңгейі қыста өз арнасында 133 см болған. Содан бері, мінекей, 6 метрге көтеріліп, мына біз тұрған жағалауды су басты, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір шаһарда бөгеттерді биіктету күшейтілді. Жұмыс күні-түні жүріп жатыр. Саяжайлардағы 830 үйді су басты. Бірақ тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Жалпы Жайықтың жағасындағы бау-бақша серіктестіктерінде 5 мыңдай адам тұрып жатыр.

Әлі де ондаған саяжайды су басу қаупі бар. Өзендегі су келуін бақылау үшін 6 жерге арнайы күзет қойылды. Шаһардағы 14 эвакуациялық орталықта 1600-дей адам тұрып жатыр. Олардың жартысына жуығы - бала. Қауіп күшейген уақытта 2500 орын резервте бар.

"Осал жерлеріміз бұл - қаланың ортасы, Курени, Коминтерн және осы жерлер. Осы бағытта 5 жерде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қаланың ең жоғарғы жағы - Желаев, Ет комбинаты, Ремзавод - ол жақтарда отметка 36 метр. Ең аласа жақтарында - 32, 33 метр. Осыларды ұлғайтып жатырмыз." Миржан Сатқанов, қала әкімі

Жалпы облыс бойынша 1200-ге жуық үй су астында қалды, олардың жартысы - тұруға жарамсыз. Орал қаласында және 4 ауданда төтенше жағдай жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: