Жаңалықтар тізбегі
0

"Сауда орындары ашылып, автобустар жүрді". Су басқан Құлсары қаласына қайта жан бітті

Автобус, Құлсары, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2024 14:40 Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Құлсарыда сауда орындары ашылып, қалаға қайта жан бітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың хабарлауынша, Құлсары қаласында сауда нысандары қайтадан жұмысына кірісті. Олардың қатарында 100 азық-түлік дүкені, екі ірі супермаркет, үш ірі көтерме сауда базары бар. Оған қоса аудан орталығындағы 20 шақты дәріхана да жұмысын бастаған.

"Қаладағы қоғамдық тамақтану орындары да қалыпты жұмысқа кірісті. Тәулік бойы жұмыс істейтіндері де бар. Сауда орындарының иелерімен келісіп, бағаны негізсіз қымбаттамауын қадағалап отырмыз", - деді Гүлнафис Аязберікқызы.

Құлсары қаласында қоғамдық көлік қозғалысы қалыпқа келе бастады. Бұл туралы "Батыс Тех Инвест" ЖШС басшысы Әуез Әбіләкім мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

"Бүгінде қала ішінде 4 бағытта 14 автобус қатынауда. Қосшағыл, Жаңа Қаратон, Майкөмген, Жем ауылдық округтеріне автобустар қалыпты жұмысына кірісті. Төтенше жағдай орын алғанға дейін Құлсары қаласы ішінде, ауылдық округтерді қоспағанда 12 бағытта 55 автобус қатынайтын. Қала көшелері судан тазартылып, көліктерге жүру толықтай қолайлы болған жағдайда қатынау бағыттары мен автобустар санын артатын болады, - деді Әуез Әбіләкім.

Айта кетсек, бүгін, таңертең Құлсарыда жоғалып кеткен әкелі-балалы адамдардың бірінің денесі табылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: