Алматыда автожуу орындары су жүйесінен ажыратылып жатыр: не себепті

Алматыда автожуу орындары су жүйесінен ажыратылып жатыр: себебі аталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2026 16:23 Сурет: pixabay
Алматыда айналмалы сумен жабдықтау жүйесі жоқ автокөлік жуу орындары судан ажыратылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Алматы су" мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы Су кодексінің жаңа редакциясы аясында өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қызмет көрсету саласындағы нысандар айналымдық және қайта пайдаланылатын су жүйелеріне көшу жоспарларын ұсынуға міндетті. Айналымдық су жүйесі жоқ көлік жуу кешендеріне техникалық талаптар жолданды. Осындай талаптар өнеркәсіп нысандарына да қолданылады",- деп мәлімдеді ұйым өкілдері.

Су үнемдеу технологияларына көшу жоспарларын ұсынбаған көлік жуу кешендері тиісті құжат ұсынылғанға немесе айналымдық су жүйесі орнатылғанға дейін су жүйесінен кезең-кезеңімен уақытша ажыратылады.

Су кодексіне сәйкес, автожуу кешендері суды қайта пайдалану үшін айналымдық су жүйелерін енгізуге, ағынды суларды жалпы кәріз жүйесіне төгуді барынша азайтуға және қоршаған ортаны химиялық заттар мен мұнай өнімдерінен ластамау мақсатында тазарту қондырғыларын қолдануға міндетті. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда айыппұл салынады, ал нысан иелері арнайы рұқсат алып, су үнемдеу жоспарларын әзірлеуі тиіс.

Бұған дейін жеке табыс салығын заңсыз азайтқаны үшін қазақстандықтарға қандай жауапкершілік қарастырылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: