БҚО-дағы су тасқынының алдын алу жұмысына 1577 техника жұмылдырылды
Сурет: БҚО әкімдігі баспасөз қызметі
Бүгінде су тасқынына тап болған Батыс Қазақстан облысына қажетті көмек еліміздің әр аймағынан келіп жатыр. Қазіргі таңда гуманитарлық көмектен бөлек, арнайы техника да келуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кеше Орал шаһарына Түркістан және Ақтөбе облысынан жалпы саны 112 арнайы техника келді.
"Сыр бойындағы ағайын Жайық жағасын жайлаған елді топан судан аман алып қалу үшін 122 техника жеткізді. Одан бөлек, Алматы қаласынан келген 37, Ақтөбе облысынан келген 47 техника, қауіпті аймақтардағы жұмысын бастап кетті."БҚО әкімдігі баспасөз қызметі
Маңғыстау, Қостанай, Атырау, Жетісу, Жамбыл облыстары мен Шымкенттен келген техникалар мен арнайы мамандар да тасқынға тосқын болуда.
Сурет: БҚО әкімдігі баспасөз қызметі
Қазіргі таңда су басу қаупі бар аймақтарда 1577 техника жұмыс істеуде. Оның:
- 790-ы эксковатор, тиегіш, ауыр жүк көліктері, тракторлар, бульдозерлер, тралдар мен манипулятор және крандар;
- 784-сі жеңіл көліктер, автобустар, ассенизаторлар мен жүзу құралдары;
- 3-уі тікұшақ .
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript