Жаңалықтар тізбегі
0

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша 12-ші сот отырысы - тікелей эфир

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша 12-ші сот отырысы - тікелей эфир, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2024 10:01 Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Астанада 2024 жылғы 17 сәуірде аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қазақстан Республикасының бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша он екінші сот отырысы басталды,- деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот залынан онлайн-трансляцияны Қазақстанның Жоғарғы соты жүргізеді.

11-ші отырысы барысында сот қорғаныс тарапының өтініші бойынша қылмыстық іс материалдарына бұрын белгіленген Мәскеу мамандарының қорытындысын зерттеді. Кейін сот айыптаушы тараптың өтініші бойынша осы қорытындыны дәлел ретінде жол берілмейді деп тану туралы мәселені шешу үшін кеңесу бөлмесіне шықты.

Еске сала кетейік, экс-министрдің ісі елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр және судья болып осы соттың төрағасы Айжан Құлбаева тағайындалды. Күдікті ретінде Қуандық Бишімбаев пен оның ағасы Бақытжан Байжанов айыпталуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: