Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша 15-ші сот отырысы - тікелей эфир

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша 15-ші сот отырысы - тікелей эфир, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2024 10:25 Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Астанада 2024 жылғы 23 сәуірде сағат 10:00-де аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қазақстан Республикасының бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша он бесінші сот отырысы басталды,- деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот залынан онлайн-трансляцияны Қазақстанның Жоғарғы соты жүргізеді.

22 сәуірдегі сот отырысында залға БАҚ өкілдері қайта кіргізілді. Бұл туралы судья Айжан Құлбаева мәлімдеді. Экс-министр де телефонының құпия сөзін айтты. Сонымен қатар, сот залында танымал ресейлік журналист Ксения Собчак та бой көрсетті.

Айта кетейік, экс-министрдің ісі елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр және судья болып осы соттың төрағасы Айжан Құлбаева тағайындалды. Күдікті ретінде Қуандық Бишімбаев пен оның ағасы Бақытжан Байжанов айыпталуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: