19 сәуірдегі саудада доллар түсті

19 сәуірдегі саудада доллар түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 15:45 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы тағы 0,86 теңгеге төмендеп, 446,49 теңгеге жетті, деп хабарлады Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы да төмендеп, 61,65 теңгені (-0,10) құрады.

Ұлттық банк Еуро бағамын 477,55 теңгеге, рубль бағамын – 4,76 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 445,9-447,5 теңгеге, еуроны – 475,5-479,5 теңгеге, ресей рублін – 4,69-4,79 теңгеге сатылуда.

Сонымен қатар, 19 сәуірдегі сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы өсуде.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 3,14% - ға өсіп, барреліне $89,63 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 2,66% - ға көтеріліп, барреліне 84,58 долларға жетті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: