Жаңалықтар тізбегі
0

21 сәуірде еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды деп болжанады

Астана, ауа сапасы нашарлайды, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2024 09:16 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК 21 сәуірде Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қалай болатынын айтып, өз болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 21 сәуірде ауаның ластануына байланысты Ақтөбе, Астана, Алматы, Қостанай қалаларында  қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туындауы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Мұндай ауа райы кезінде:

  • көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;
  • созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар дәрі-дәрмегін өзімен бірге алып жүруі тиіс;
  • таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: