ШҚО-да үш млн теңгенің қызметін 300 млн-ға бағалаған

ШҚО-да үш млн теңгенің қызметін 300 млн-ға бағалаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2024 12:41 Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы 3 миллион теңге болатын интернет қызметін 300 миллионға сатып алуды жоспарлаған. Яғни, 100 есе артық бағамен сұраныс берілген.

Сыбайлас жемқорылыққа қарсы қызмет департаменті мемлектетік сатып алудағы күдікті сауданы әшкерледі.

Оның сыртында Өскемендегі жоғарғы оқу орны 6 мың теңгелік кітапты 145 миллион теңгеге сатып алуды көздесе, облыстағы полиция қызметкерлері жаңа формасының бағасы 250 миллион теңгеге қымбат көрсетілген, деп жазады qazaqstan.tv.

"Күн сайын жүргізілетін мониторингке қоғам белсенділері де қатысады. Өркен оқу орталығында интернет қызметін 300 миллион теңгеге сатып алуды жоспарлаған дерек анықталды. Біз тексере келе заңсыз екенін дәлелдедік." Денис Шакенов, облыстық - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: