Алматы әкімдігі Әлия мен Мәншүк скверінің ұзаққа созылған қайта жөндеу жұмыстарына қатысты пікір білдірді
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова скверін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізген мердігер ұйым («ШАХ» құрылыс компаниясы ЖШС) мемлекеттік сатып алудың талаптарды толық орындамайтын қатысушы ретінде танылды.
Мердігермен келісім шарт бұзылды, құрылыс жұмыстарын бұзғаны үшін компаниядан 56,1 млн. теңге көлемінде тұрақсыздық айыбы өндірілетін болады.
Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы жаңа мердігерді анықтауға қайта конкурс жариялады. Конкурстық рәсімдердің аяқталуының болжамды күні - 2024 жылғы 25 мамыр, скверді реконструкциялау жұмыстарының толық орындалуы - ағымдағы жылдың соңына дейін.
Естеріңізге сала кетейік, "Алматы қ. Экология және қоршаған орта басқармасы" КММ мен "Шах "Құрылыс компаниясы" ЖШС арасында скверді абаттандыру және реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге шарт 2022 жылдың 15 қыркүйегінде жасалған.
Нысанды аяқтау 2023 жылдың 31 мамырына дейін жоспарланған. Жобада сквер аумағында орналасқан "Одуванчик" және "Аққу" субұрқақ кешендерін қайта жаңарту, технологиялық жабдықтарды, қаптау материалдарын ауыстыру және техникалық жайларды жөндеу жұмыстары көзделген болатын; қолданыстағы асфальтты брусчаткаларға ауыстыру, шағын архитектуралық формаларды (орындықтар мен қоқыс тастауға арналған жәшіктерді), автоматты суару жүйесін орнату және дренаж жүйесін, сыртқы жарықтандыру жүйесін қайта құру және қолданыстағы жарықтандыру құрылғыларын ауыстыру.
Аталған нысанда жұмыстар уақтылы жүргізілмегендіктен, Басқарма мердігер ұйыммен шартты бұзу, өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға талаптарды орындамайтын қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы сотқа талап арыз жолдады. Талап арыздар толығымен қанағаттандырылды.