Түркістан облысында 16 оқушы отырған "Газель" өртенді
Сурет: pixabay
"Шымкент-Самара" автожолында автокөлік өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 оқушы мен бір жүргізуші болған газельді өрт толығымен шарпыды.
Жолаушылар көліктен алдын ала шыққан болатын. Олар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан.
Өрт сөндірушілер өртті 37 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript