Жаңалықтар тізбегі
0

Айбек Дәдебаев Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоғын қойды

Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебаев Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоғын қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2024 11:51 Сурет: akorda.kz
Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебаев Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебаев қазақ халқының ұлы перзенті Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, майдан даласында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етті.

Бүгін сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай аты аңызға айналған ұшқыш, 1945 жылғы Жеңіс шеруіне қатысқан қаһарман, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Еңселі ескерткіш 2021 жылы Астана қаласындағы Сарыарқа даңғылы мен Талғат Бигелдинов көшелерінің қиылысында бой көтерген болатын.

Іс-шараға Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі қатысты.

Жиынға қатысушылар Жеңіс жолында ерлікпен шайқасқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады. Елбасы 9 мамырда жерімізде бейбітшілік пен тыныштық үшін жанын қиып, майдан даласынан оралмаған боздақтардың рухына бас иеміз деп атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: