Жаңалықтар тізбегі
0

Ақан Рахметуллин қызметінен босатылды

Ақан Рахметуллин қызметінен босатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2024 17:04 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Ақан Рахметуллин Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.

Президент Тоқаевтың тиісті жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.

Ақан Рахметуллин 1967 жылы 2 ақпанда Алматыда туған.

1991 жылы Алматы энергетикалық институтын, 1999 жылы ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын (үздік) бітірген.

1993-1994 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық басқармасының референті, атташесі;

1994-1996 ж.ж. – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы;

1996-1999 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Бас консулдық басқармасының үшінші, екінші хатшысы;

1999-2002 ж.ж. – Алматы қ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі;

2002-2004 ж.ж. – Нью-Йорк қ. БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы;

2004-2007 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық-экономикалық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі, директордың орынбасары;

2007-2011 ж.ж. – Вена қ. Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы кеңесші-уәкілі, Тұрақты өкілінің орынбасары;

2011-2015 ж.ж. – Нью-Йорк қ. БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің орынбасары;

2015-2019 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры;

2019-2021 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

2021-2022 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;

2022 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Үйленген, төрт баласы бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: