Жаңалықтар тізбегі
0

Тимур Тілегенов жаңа қызметке тағайындалды

Тимур Тілегенов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2024 17:08 Сурет: gov.kz
Президент Тоқаев Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы жарлыққа 16 мамырда қол қойды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Тимур Қалдыбайұлы Тілегенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.

Тимур Тлегенов 1988 жылы 20 наурызда дүниеге келген.

2021 жылы Францияның Ұлттық азаматтық авиация мектебін (ENAC) "Әуе көлігін басқару" мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша, 2009 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша үздік бітірді.

2009 жылғы қазаннан 2019 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде сарапшы, бас сарапшы, бас сарапшы – халықаралық қатынастар және авиациялық тасымалдар басқармасының аға мемлекеттік авиация инспекторы лауазымдарында жұмыс істеді.

2019 жылғы қазаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінде авиациялық тасымалдар және халықаралық әуе қатынасын реттеу басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы жарлығымен Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: