Семей полициясы интернет-алаяқтықпен күресуде
Сурет: freepik
25 мамырда интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында Семей полициясының қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына маңызды ақпаратты жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, интернет-алаяқтықтың ықтимал құрбандарымен тікелей байланыс жасау үшін Елемай-Тұран футбол матчы таңдалды.
Ойынға 9 мыңнан астам көрермен жиналғанын ескере отырып, Семей қаласының полиция қызметкерлері "Спартак" стадионына келгендерге түгел дерлік интернет-алаяқтықтың алдын алу туралы ақпараты бар буклеттерді белсенді түрде таратып берді.
Бұдан басқа, стадионда дауыстық ескерту іске қосылды, сондай-ақ "интернет-алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" профилактикалық мазмұнының бейнеролигі көрсетілді.
Айта кетейік, 21 мамырда Қазақстанда интернет-алаяқтыққа қарсы антифрод-тетігі енгізілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



