Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда адамдардың қазақ ұлтына жататындығын айқындау жөніндегі қағидалар әзірленеді

Қазақстанда адамдардың қазақ ұлтына жататындығын айқындау жөніндегі қағидалар әзірленеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2024 16:50 Сурет: gov4c.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" қаулысына толықтыру дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ережеге келесі жаңа функция қосылды:

  • жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда үміткерлердің ұлтын растайтын тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екенін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

Құжат 10 маусымға дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Айта кетейік, 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 926 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 134,3 мың этникалық қазақ оралды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: