Колледж директоры ірі көлемде қаражат жымқырды

Колледж директорымен ірі көлемдегі қаражат жымқырылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 16:09 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатын тиімді пайдалану заңдылығының сақталуына тұрақты түрде талдау жүргізеді.

Талдау барысында гуманитариялық колледжінің директоры мен қызметкерлерге тиесілі еңбек сыйақы төлемдерін жымқыру фактісі белгілі болды.

Атап айтқанда, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырықтар шығарып, 29,5 млн теңгені заңсыз иемденген.

Бейнеу аудандық сотының 16.05.2024ж. үкімімен колледж директоры ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: