Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда күрделі жөндеу жұмысы аяқталмаған балалар ауруханасында заңсыздықтар әшкереленді

Прокуратура, Қостанай, балалар ауруханасы, күрделі жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2024 12:38 Сурет: gov.kz
Қостанай облысының прокуратурасы тексеру комиссиясымен бірлесіп облыстық балалар ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалану мәселесі бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, 2020 жылы 21 шілдеде "Қостанай облыстық балалар ауруханасы" КМК тапсырыс берушісі мен "Вершина" ЖШС мердігері арасында 1,2 млрд теңге сомасына ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу жұмыстары бойынша шарт жасалды. Көп ұзамай мердігердің атына 921 млн теңге аударылды, алайда жұмыстар аяқталмай қалып, арада жасалған шарт бұзылды. 

"Тексеру көрсеткендей, "Вершина" ЖШС мекенжайындағы ақшалай қаражаттың бір бөлігі жөндеу жұмыстарын орындау туралы растайтын құжаттарсыз, яғни негізсіз аударылған. Осы факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады". Қостанай облысының прокуратурасы

Айта кетсек, Алматы қаласының прокуратурасы жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін экс-әкім Храпуновқа жеке меншікке шығару туралы шешімді жарамсыз деп таныды

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: