Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысының полицейлері шетелдікті елден мәжбүрлеп шығарды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2024 12:37 Сурет: ҚР ІІМ
Павлодар облысы көші-қон қызметінің полицейлері сот үкімін орындамаған Тәжікстан Республикасының азаматын елден мәжбүрлеп шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар қаласында құрылыс нысандарының бірінде құқықтық тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Тәжікстан Республикасының азаматын анықтап, ұстады.

"Тәжікстан елінің азаматы 2023 жылы маусым айында Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының шешімі бойынша кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу туралы шешім шыққан болатын. Алайда, бұл азамат бір жыл ішінде қасақана жалтарып, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамады"-дейді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.

2024 жылғы 28 мамырда аталған шетел азаматы құжаттандыру және Отанына оралу туралы куәлік алу үшін Астана қаласындағы Тәжікстан Республикасының Елшілігіне дейін көші-қон қызметінің қызметкерлерімен еріп жүрді.

Құжаттамамен қажетті рәсімдер жүргізілгеннен кейін шетелдік азамат соттың шығарып жіберу туралы шешімін одан әрі орындау үшін шекара қызметінің қызметкерлеріне берілді. Қазіргі уақытта шетелдік азамат Тәжікстан Республикасына шығарылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: