Алматыда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

Алматыда мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 14:52 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда "Батыр" Президенттік полкінің әскерилері салтанатты түрде ту көтеріп, әнұран жаппай шырқалды.

Патриоттық іс-шара "Медеу биік таулы спорт кешенінде өтті. Салтанатты іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғам, ҚХА және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шараға барлығы мыңнан астам адам қатысты.

Қала аудандарында да мерекелік іс-шаралар мен әнұран салтанатты түрде орындалды. Алматы тұрғындары саябақтарда, мектептерде және басқа да қоғамдық орындарда еліміздің әнұранын орындады.

Мерекелік іс-шаралар "Алатау" дәстүрлі өнер театрында мерекелік концерт және Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Тілендиев атындағы "Отырар сазы" академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің "Менің елім" патриоттық концертімен аяқталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: