Алматыда мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда "Батыр" Президенттік полкінің арнайы тобы Ту көтеру салтанатты рәсімін өткізді., сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2025 16:40 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда "Батыр" Президенттік полкінің арнайы тобы Ту көтеру салтанатты рәсімін өткізді.

Патриоттық іс-шара тау баурайындағы "Медеу" спорт кешенінде ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Дархан Сатыбалдымен қатар, мәдениет пен спорт қайраткерлері, қоғам белсенділері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтерілер тұста Б. Байқадамов атындағы хор капелласы мен Алматы гарнизонының үрлемелі оркестрі Мемлекеттік Әнұранды орындады.

Ал, салтанатты іс-шарадан кейін көпшіліктің назарына қаладағы жетекші шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Көрермен "Қазақстаным", "Отан", "Туған жер", "Туған жерім тамаша", "Сүйікті елім", "Мен Қазақпын", "Ұлы дала", "Қазағым", "Атамекен" сынды бірқатар патриоттық әрі эстрадалық композицияны тыңдады.

Қоса кетейік, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шаралар қала аудандарында жалғасып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: