Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 15:38 Сурет: БҚО әкімдігі
Орал қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы алаңда Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, өңір тұрғындары мен қонақтарын тағылымы мол мерекемен құттықтады.

Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 15:38

Сурет: БҚО әкімдігі

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Мемлекеттік рәміздер — елдігіміздің жарқын көрінісі, халқымыздың мақтанышы әрі абыройы. Тұғырлы Туымыз, еңселі Елтаңбамыз, айбарлы Әнұранымыз — мемлекетіміздің мызғымас үштағаны. Тәуелсіздігіміздің символы саналатын нышандарды ардақтау – әрбір қазақстандықтың қастерлі міндеті. Құндылықтарды көздің қарашығындай сақтап, жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беріп, келешекте де ел игілігі жолында жұдырықтай жұмылайық", – деді облыс әкімі.
Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 15:38

Сурет: БҚО әкімдігі

Мерекелік шараға 2 мыңға жуық адам қатысты. Патриоттық әндер әуелеп, Мемлекеттік ту көтерілді. Аймақ басшысы өңірдің өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп жүрген бір топ азаматқа алғыс хат табыстады.

Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2026 15:38

Сурет: БҚО әкімдігі

Айта кетейік, Мемлекеттік ту көтеру рәсімдері өңірдің барлық ауданында ұйымдастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: