Түркістан: Келесте мемлекеттік ту ең биік тұғырға көтерілді
Түркістан облысының барлық аудан-қалаларында да бұл үрдіс жалғасып тапты.
Мәселен, Келес ауданында "Рәміздер - елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі" атты мәдени салтанатты шарасы өтті.
Абай ауылындағы орталық алаңда ұйымдастырылған іс-шараға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев арнайы қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Салтанатты жиын барысында көк Ту әуе шары арқылы көкте желбіреді.
"Сондай-ақ, айтулы мерекеде Ә.Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінің ұжымы патриоттық әндер шырқалып, мемлекеттік рәміздер дәріптелді." Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, 1992 жылдың қаңтарында Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның жобасын дайындау туралы байқау жарияланған болатын.
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Тәуелсіз Қазақстанның Әнұраны сол жылы бекітілді. Ал 2006 жылы жаңа Әнұран қабылданды.