Вагон дәретханасындағы вентиляцияны бұзып, бекіткішті жұлып алған ер адам жазаланды
Сурет: pixabay
Алматы – Астана бағытындағы жолаушылар пойызы Сарышаған станциясына келгеннен кейін көлік полицейлері пойыз бастығының актісі бойынша құқық бұзушыны түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру кезінде Алматы қаласының 38 жастағы тұрғынын анықтады. Ол жол жүру барысында спирттік ішімдіктер ішкен, түнгі уақытта жолаушылардың мазасын алған және вагон дәретханасындағы вентиляцияны бұзып, бекіткішті жұлып алған.
Ер адам алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, тыныштықты бұзғаны, жалпы пайдаланымдағы көлік құралдарының ішкі жабдықтарын бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript