Астанада тағы бір көшеде қозғалыс шектелді

Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2024 17:06 Сурет: instagram.com/akimat__astana
Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М.Әлімбаев көшесі бойынша Амман көшесінен А.Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 14-16 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.


"Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: