"Бірін-бірі таптаған". Үндістандағы діни шарада қаза тапқандар саны жүзден асты

"Бірін-бірі таптаған". Үндістандағы діни шарада қаза тапқандар саны жүзден асты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2024 22:30 Сурет: видео скрині
Үндістандағы діни шарада қаза тапқандар саны жүзден асты. Елдің солтүстігіндегі Рати Бханпур ауылындағы ғибадатханалардың бірінде болған қайғылы оқиғада тағы 200-ге жуық адам зардап шеккен, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Басым көпшілігі — әйелдер мен балалар. Қалың қауым Үндістандағы атақты пірадардың уағызын тыңдауға жиналған. Мінажат етуге келгендердің көптігінен адамдарға ауа жетпей, апатап ыстықта шетінен құлай бастайды. Халық бірін-бірі таптап, сыртқа шыға алмай қалған.

Қазір жергілікті полиция қаза тапқандардың жеке басын анықтап жатыр. Ал билік мән-жайды жіті білу үшін арнайы комиссия құрыпты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: