Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетауда лаңкестік қауіптің "сары" деңгейі жойылды
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабының мәліметінше, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік ресми сапарының аяқталуына байланысты "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 13 және 15-баптарына сәйкес күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Күзет іс-шараларын өткізу кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығы терроризмге қарсы операция режимін 4 шілденің 23 сағат 59 минутынан Астана қаласында алып тастау туралы шешім қабылданды.
"Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 Жарлығымен бекітілген "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларына" сәйкес Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында 4 шілденің 23 сағат 59 минутынан террористік қауіптіліктің бірқалыпты ("сары") деңгейі алып тасталынады." Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб
Күштік құрылым бөлімшелері штаттық режимдегі жұмысқа көшеді.
Антитеррорлық операцияның құқықтық режимін енгізу және террористік қауіптің қалыпты "сары" деңгейін белгілеу 1 шілдеде белгілі болды.