Астанада Арыс көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі
Сурет: City Transportation Systems
Астана қаласында Арыс (М3) көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралықта жол қозғалысы өзгертіледі. Бұл шектеу LRT бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
CTS компаниясының хабарлауынша, аталған учаскедегі шектеу 10 шілдеден 19 шілдеге дейін өз күшін сақтайды.
"10 шілдеден 19 шілдеге дейін құрама арқалықтарды монтаждау, ригельдерді орнату және құрама болат қорап арқалықтарын орнату жұмыстарын орындау мақсатында Арыс (М3) көпірінен басталатын қозғалыс жолына ішінара шектеу енгізіледі. Арыс көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі көлік қозғалысы Панфилов көшісіне бұрылу арқылы жүргізіледі", делінген хабарламада.
Елорда қонақтары мен тұрғындарынан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралады, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұралады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript