Астанада LRT құрылысына байланысты қай көшелерде көлік қозғалысы шектеледі

Астанинский легкорельсовый транспорт, ЛРТ, LRT, железнодорожный общественный транспорт, станция ЛРТ, станции ЛРТ, станция LRT, станции LRT, проект ЛРТ, проект LRT, вагон ЛРТ, вагоны ЛРТ, вагон LRT, вагоны LRT, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2026 11:28 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада LRT желісінің екінші кезеңінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Осыған байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысына 2027 жылдың соңына дейін шектеу қойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек 2026 жылғы 12 қарашада Instagram парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, тұрғындардан жол қозғалысына енгізілген шектеулерге қатысты сұрақтар түсіп жатыр. Қала басшысы жүргізушілерді уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.

"Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін Tarlan Astana жолдардағы жүктемені едәуір азайтып, көшелердің өткізу қабілетін арттырады және кептеліс мәселесін шешуге көмектеседі", – деді Жеңіс Қасымбек.

Қазір Қосшы қаласына қарай бағытталған LRT желісінің екінші кезеңінің құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр. Бұл учаскедегі жұмыстарды аяқтап, қозғалысты 2027 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған.

Сонымен қатар Айтматов көшесі мен Тұран даңғылы бойында желі құрылысы қарқын ала бастады. Әкімнің айтуынша, жүргізушілер үшін енгізілген шектеулер биылғы жылдың соңына дейін және келесі жылы да сақталады.

"Көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз", – деп сендірді ол.

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек Tarlan Astana жобасының екінші кезегіне жататын №201, 202 және 204 станцияларының құрылыс барысымен танысты.

"Сығанақ көшесінің бойында орналасқан №201 станцияда екі деңгейлі ауысып міну торабының құрылысы басталды. Мұнда №2 және №3 желілер қиылысады. Бұл жолаушыларға көшеге шықпай-ақ, бір бағыттан екіншісіне жылдам әрі ыңғайлы ауысуға мүмкіндік береді", – деді Астана әкімі.

Қала басшысының айтуынша, қазіргі уақытта Tarlan Astana жобасы бойынша жолаушылар ағыны 13,8 млн сапарға жеткен.

Айта кетейік, Қазақстан Үкіметінің 2026 жылғы 9 қарашадағы қаулысымен 2026 жылы мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалар тізбесіне толықтырулар енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: