Алматыда Наурыз мерекесіне байланысты кейбір көшелерде қозғалыс шектеледі

Наурыз, празднование Наурыза, праздник Наурыз, празднование Наурыза в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2026 09:04 Фото: akorda.kz
Алматы қаласында Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға дайындық және оларды өткізуге байланысты бірқатар көшелерде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 15 наурызда қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, 2026 жылы 16 наурыз сағат 03:00-ден 23 наурыз сағат 00:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.

Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген уақытша шектеулерді ескеруді сұраймыз. Алматы қаласының әкімдігі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: