Синоптиктер алдағы үш күнге еліміздегі ауа райы бойынша болжам жасады
Сурет: pexels
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш күнде – 2024 жылдың 18 шілдесі мен 20 шілдесі аралығында қолайсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне синоптиктер айтты.
Болжам бойынша, температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді.
"Баяу қозғалатын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жағдайын сақтайды - солтүстікте, шығыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейеді. Елімізде 19-20 шілдеде солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады". "Қазгидромет" РМК
Бұдан бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 17 шілдесінде Астанада және Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript