Жаңалықтар тізбегі
0

Жәнібекті асырап алған шетелдік анасы дүниеден озды

Жәнібек, Мұрат Савелиев, Бельгия, шетелдіктер асырап алған қазақ бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.07.2024 19:37 Сурет: Instagram/muratsaveliev
Қазақ баласын асырап алған бельгиялық әйел, Жәнібектің анасы 54 жасында дүниеден озды. Қаралы хабармен Жәнібек Жұмағұловтың туған анасын іздеуге ат салысушы журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Достар, Жәнібекті асырап алған Валери анасы бұл өмірмен қош айтысты. Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас. Жәнібек берік бол…", деп жазды Қымбат Досжан Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, 2024 жылы  қаңтарда Бельгия азаматы асырап алған 22 жастағы Жәнібек (Джани) Қазақстанда туған анасын іздеп келді. 1 наурызда анасын іздеу үшін Қазақстанға қайта оралған Жәнібек балалар үйіне барды. 7 сәуірде шетел асқан қазақ баласына бірінші болып көмек қолын созғандардың бірі - журналист Қымбат Досжан тағы төрт болжамды анадан сынама алынғанын жеткізді. Алайда, өкінішке қарай, олардың барлығының нәтижесі теріс болып шықты. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, отандасымыздың ата-анасы іздестіріліп жатқанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: