Қытайда сауда орталығы өртеніп, 16 адам қаза тапты

Қытайда сауда орталығы өртеніп, 16 адам қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2024 15:13 Сурет: Zakon.kz
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Цзыгунь қаласында сауда орталығы өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы мәліметке қарағанда, 16 адам қаза тауып, 75-і құтқарылды.

Оттың неден тұтанғаны әзірге белгісіз, деп жазады qazaqstan.tv.

Оның себебін мамандар анықтауға кірісті. "Синьхуа" агенттігінің мәліметінше, жалын 14 қабатты коммерциялық ғимаратты шарпыған.

Құтқарушылар дер кезінде жетсе де, кейбір адамдарды аман алып қалу мүмкін болмапты.

Қазір құтқару операциясы жалғасып жатыр. Өрт басталғанда іште адам көп болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: