Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Ауа сапасы нашарлайды, 20 шілде, Ақтөбе, Астана, Атырау, Қостанай, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2024 09:12 Сурет: freepik
Синоптиктер 20 шілдеде еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайтынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 шілдеде Ақтөбе, түнде Астана, Атырау, Қостанай қалаларында ауаның ластануы сипатында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, делінген болжамда.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымырсық, желдің болмауы, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: