Алматыда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2024 14:46 Сурет: Zakon.kz
Қалалық көші-қон қызметі көршілес елдердің азаматтары курьерлік қызмет көрсетумен айналысып жүргенін анықтады.

Алматы қаласы Бостандық ауданында көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, елімізде жүрген жеті шетелдік ұсталды.

Оның үстіне олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмағандықтан, олар қабылдап-таратуға орналастырылды.

Одан әрі сот шешімімен құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, туған еліне жер аударылады.

"Бұған дейін де бірнеше рет айтқанымыздай, Алматы – Қазақстанның ірі шаһары. Қаржы және мәдени орталығы ретінде шетел азаматтары мұнде жиі келеді. Дегенмен, біздің елге келу және мұнда болу талаптарын бұзбауға шақырамын", – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: