Астанада қоқыс өңдеу зауытында заңсыз жұмыс істеген Өзбекстанның 37 азаматы ұсталды

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті елордада жүргізілген рейдтің бір күні барысында елімізде болу тәртібін бұзған 119 гастербайтерді және шетелдіктердің интимдік қызмет көрсету бойынша 5 фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ құзырлы ведомство қоқыс өңдеу зауытының аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 37 азаматы құрықталғанын нақтылайды.
ІІМ Көші-қон қызметі комитеті көші-қон заңнамасын сақтауға шақырады.
Сондай-ақ уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз жұмыс берушінің шетелдікті бірнеше рет жұмысқа қабылдағаны және жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript