Қазақстандағы құрылыс нысанында шетелдіктер заңсыз жұмыс істеген

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 09:12 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Көші-қон полициясының қызметкерлері "Нелегал" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Екібастұздағы құрылыс нысанында шетелдіктердің заңсыз еңбек ету фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің 2026 жылғы 15 қазандағы мәліметінше, тексеру М. Жүсіп пен М. Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан құрылыс нысанында жүргізілген.

Істің барлық мән-жайын анықтап, тиісті шаралар қабылдау үшін шетел азаматтары көші-қон қызметі бөліміне жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік материалдар рәсімделді. Нысанда барлығы 13 шетел азаматы тиісті рұқсатсыз жұмыс істеген.

Бұған дейін Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген адамдар анықталған еді. Сол кезде көші-қон заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 88 шетелдіктің елден шығарылғаны хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: