Жаңалықтар тізбегі
0

Жүргізуші куәлігін, көліктің техпаспортын және мемлекеттік нөмірлерін дайындау қанша тұрады

Тіркеу куәлігін, жүргізуші куәлігін және көліктің мемлекеттік нөмірлерін дайындау қанша тұрады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 09:20 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 24 маусымдағы бұйрығымен көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау саласындағы көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұйрыққа сәйкес құжаттарды дайындау құны (ҚҚС-сыз):

  • жүргізуші куәлігі – 4 367 теңге;
  • көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – 2 250 теңге;
  • мемлекеттік тіркеу нөмірлері – 3 923 теңге (бір жиынтыққа);
  • "ТРАНЗИТ" мемлекеттік тіркеу нөмірлері – 126 теңге;

Сондай-ақ құжатта құжаттаманы өндіру жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу, есепке алу процестерін автоматтандыру, ішкі істер органдарына арналған бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды автоматтандыруға кететін шығындар 747 563 358 теңге сомасында белгіленді.

Бұл қызметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" РПБ жанындағы РМК көрсетеді.

Бұйрық 2024 жылғы 24 маусымда күшіне енді.

Көліктердің қайталанатын нөмірлерін жылдам шығару қанша тұратынын айттық.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: