Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында мұнай сервистік компаниялары басшыларын ұстау жалғасуда

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 11:11 Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп мұнай-газ саласының жекелеген кәсіпорындарының қызметінде тексеру жүргізуде.

"Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС лауазымды тұлғалары бюджет қаражаты есебінен 700 млн теңгеден астам сомаға мердігер компанияның шығыстарын негізсіз өтегені анықталды.

Бұдан басқа, мердігерлерге нақты көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 млрд теңге аударылған.

Аталған бұзушылықтар бойынша 10.07.2024 ж. Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшерде жымқыру) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ, 22.07.2024 ж. "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ еншілес ұйымының 11 млн теңгесін жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

23.07.2024 ж. "Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС-нің бұрынғы басшысы аз. "Т" ұсталды.


"Қаражатты жымқыру фактісімен ҚК-нің 189-бабымен бұрын басталған сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бойынша "Ойл Транспорт Корпорейшн" ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, мердігерлік ұйымдардың 2 өкілі ұсталды." Маңғыстау облысының прокуратурасы

Прокурорлық тексеру басталғаннан бері барлығы 19 сотқа дейінгі тергеу басталды, олар Маңғыстау облысының экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде.

Бюджет қаражатын жымқыру және талан-таражға салу фактілері бойынша оларды тергеу шеңберінде 8 адам, оның ішінде "Қазмұнайгаз "ҰК" АҚ еншілес компанияларының 4 басшы лауазымындағы тұлғалар ұсталды.

Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: