Жаңалықтар тізбегі
0

10-15 күннен соң өнім жинаймыз - Түркістан облысының шаруалары суару маусымы туралы айтты

«Биыл су мол, адамдар разы. 10-15 күннен соң қайта өнім жинауды жоспарлап отырмыз», - Түркістан облысының шаруалары 2024 жылғы суару маусымы туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 14:58 Сурет: flickr
Суару маусымы басталғалы Шардара су қоймасынан Қызылқұм каналы арқылы шаруаларға 682 млн текше метр су жіберілді. Бүгінгі таңда су қоймасында 2,6 млрд су бар. Бұл былтырғы көрсеткіштен 600 млн текше метрге артық.

Шаруалардың сұранысына сай егіс алқаптарына секундына 115 текше метр су жіберіліп жатыр.

"Көктемде су жақсы келді. Осының нәтижесінде Шардара су қоймасы 90%-ға толып, 5 млрд текше метрге жуық су жинады. Қазіргі таңда жоғарыдан орта есеппен секундына 125 текше метр су келіп жатыр. Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 650 текше метр су жіберіп жатырмыз",- деді Түркістан облысы бойынша "Қазсушар" филиалының Шардара өңдірістік бөлімше басшысының орынбасары Ермек Иса.

Түрістан облысының дихандары биыл су тұрақты берілгендіктен жақсы өнім алғандарын айтады. Тіпті қарбыз отырғызған шаруалар тамызда екінші мәрте өнім жинауды жоспарлап отыр.

"Биыл су мол болды. Халық разы. Жылда қиналатын едік, биыл жақсы. Қыстық суды да жақсы алдық, жазда да су уақытылы берілді. Бір мәрте жинап алып, екіншісін суарып жатырмыз. Алдағы 10-15 күнде тағы өнім алуға ниеттіміз",- дейді дихан Төлепберген Артықов.

Еске салсақ, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 86-шы үкіметаралық отырысында Өзбекстаннан "Достық" мемлекетаралық каналы арқылы Қазақстанға 922 млн текше метр су жіберу туралы келіскен еді. Суару кезеңінің басынан Өзбекстаннан елімізге 3,9 млрд текше метр су келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: