Маңғыстаудағы 50 жылдан бері жөндеуді қажет еткен тас жолдың жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
Сурет: ҚР Көлік министрлігі
Қазақстан көлік министрлігі 2024 жылғы 24 шілдеде Құрық теңіз порты мен Транскаспий халықаралық транзиттік дәлізі арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын Маңғыстау облысындағы жолдың суреттерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның ақпаратынша, Құрық ауылын Жетібай ауылымен жалғап, жалпы ұзындығы 64 шақырым болатын республикалық маңызы бар жолдың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда.
"Құрық теңіз портына апаратын "Құрық-Жетібай" жолы еліміз үшін өте маңызды көлік бағыты Транскаспий халықаралық дәлізіне шығуға мүмкіндік береді. Жол пайдалануға берілгеннен кейін барлық транзит жүктер Құрық портына тікелей барады",- делінген ақпаратта.
Сурет: ҚР Көлік министрлігі
Егер бұрын тасымалдаушылар Ақтау қаласының ішімен жүруге мәжбүр болса, енді теңіз айлағына Жетібай ауылы арқылы тікелей бара бермек. Бұл уақыт үнемдейді.
"Жол 50 жыл бойы жөндеуді қажет етті. Қазір күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Құрылыс барысында отандық материалдар қолданылды. Күре жол пайдалануға берілгеннен кейін Транскаспий халықаралық транзиттік дәлізіне еліміздің аумағы бойынша шығу уақыты 2 сағатқа қысқарады", - деп атап өтті Көлік министрі Марат Қарабаев.
Сурет: ҚР Көлік министрлігі
Күрделі жөндеу жұмыстары аясында мамандар теміржол арқылы өтетін өткел, үш мал айдау өткелін, жолды уақтылы күтіп-ұстауға мүмкіндік беретін база мен 18 су өткізу құбырын орнатты.
"Күрделі жөндеу жұмыстары жолдың өткізу қабілетін арттыруға және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді".ҚР Көлік министрлігі
2024 жылғы 24 шілдеде ҚР Көлік министрлігі кірме жолдарды мемлекет меншігіне беру рәсімінің аяқталғаны туралы мәлімдеме жариялады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript