Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында 24 пәтер ұрлығына қатысы бар адамдар тобы құрықталды

Қызылорда облысында 24 пәтер ұрлығына қатысы бар адамдар тобы құрықталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 09:29 Сурет: ҚР ІІМ
"ІТ TERGEU" жобасы аясында прокуратураның үйлестіруімен қызылордалық жедел уәкілдер үйлерге ұрлыққа түсуді табыс көзіне айналдырып келген адамдар тобын құрықтады.

Аталған топ Шиелі ауданында кезекті пәтер ұрлығын жасап, "ізін суытпақ" болған кезде қолға түсті. Құрықталған үш күдіктінің бірі Абай облысының тұрғыны болса, екіншісі Ақмола облысының тұрғыны екені белгілі болды.

Тергеу барысында олар үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күшпен ашып, үй ішіне заңсыз кіріп, ақша, құндыз тон, техника мен алтын бұйымдарды ұрлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы – 14 млн теңге.

Бүгінгі күнде күдіктілер қамауға алынып, облыс аумағында 24 пәтер ұрлығын жасағаны анықталып, өзге де ұқсас фактілерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Тергеу жалғасуда. Өзге мән-жайлар Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 47-бабы және 201-бабы тәртібінде жариялануға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: