Алматы полициясы автобус жүргізушілерінің көлік жүргізу мәдениетін бақылауға алды

Алматы полициясы автобус жүргізушілерінің көлік жүргізу мәдениетін бақылауға алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 12:50 Сурет: YouTube/AlmatyPolisiasy
Алматыда полицейлер қоғамдық көлікте оқу-жаттығу жүргізеді. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне 2024 жылдың 25 шілдесінде қалалық ішкі істер бөлімінен хабарлады.

23-28 шілде аралығында Алматыда "Қоғамдық көлік" алдын алу іс-шарасы өтуде. Мақсат – жол-көлік оқиғаларын азайту және жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениетін арттыру.

"Қоғамдық көлікте жолаушыларды тасымалдау кезінде жол қозғалысы ережелері мен талаптарын сақтау маңызды. Кеше шаһарда "Қоғамдық көлік" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Осыған байланысты автобустардың техникалық жағдайы мұқият тексеріліп, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы қадағалануда. Қоғамдық көлік жүргізушілері жол ережесін жиі бұзады. Бір-бірімен жарысатын автобустар жолаушылардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қараған жағдайлар да болды", - дейді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы басшысының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері жол ережесін бұзған 100 қоғамдық көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: