Ақтөбеде үйіне жету үшін өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен екі азамат анықталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2024 14:41 Сурет: ҚР ІІМ
Маусым айының соңында облыс орталығында Ваз-2114 автокөлігі ұрланды.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында полицейлер екі күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Күдіктілер түнгі мезгілде үйлеріне жету үшін құлыпталмаған көлікті оталдырып, айдап кеткені анықталды.

Алайда көлік бұзылып қалғандықтан, олар межелі жерге жете алмай, көлікті жол жиегіне тастап кеткен.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Автокөлік иесіне қайтарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: