Шымкентте алдағы күндері ауа температурасы 40 градасуқа дейін көтеріледі
Астана
1 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 33-35 градус жылы.
2 тамыз: көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 30-32 градус жылы.
3 тамыз: көшпелі бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы.
Алматы
1 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 34-36 градус жылы.
2 тамыз: көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 2-7, найзағайдың екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 34-36 градус жылы.
3 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 34-36 градус жылы.
Шымкент
1 тамыз: аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 38-40 градус жылы.
2 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 23-25, күндіз 36-38 градус жылы.
3 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 34-36 градус жылы.
Бұған дейін метеорологтар алдағы күндері Қазақстанда аптап жаңбыр жауып, күн күркірейді деп уәде еткен болатын.