Жаңалықтар тізбегі
0

Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белгілі Голливуд актеры Мадс Миккельсен келеді

Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына белгілі Голливуд актеры Мадс Миккельсен келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2024 11:46 Сурет: flickr
Астанадағы ComicCon фестивалінің арнайы қонағы болған атақты голливуд актері Мадс Миккельсен Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бір бөлшегі болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ганнибал" және "Доктор Стрэндж" жұлдызы Қазақстанның астанасына тәнті болды, ол сондай-ақ алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бір бөлшегі болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мадс Миккельсен Астананы жақсы білмесе де, оған қала қатты ұнағанын айтты.

"Мен Астананы жақсы білемін деп айта алмаймын, өйткені мұнда небәрі 30 сағат қана болдым. Бірақ қала өте әдемі деп сенімді түрде айта аламын. Тағамдарыңыз ерекше ұнады, өте дәмді. Мен көп ет жедім, оны қанша жегенімді де айта алмаймын, бұл керемет. Біз Даниядан болғандықтан, Астананы велоспорт командасы арқылы білеміз. Біз Тур де Франсқа барған кезде сіздердің вело командаларыңыз танымал болды. Олардың велосипед жарысын көру керемет болар еді. Мен көшпенділер ойындарын көріп қана қойғым келмейді. Олардың бір бөлшегі болып, құс ұстап, атқа мінгім келеді", – деді актер.

Мадс Миккельсен – Голливуд актері, ол "Ганнибал" және "Доктор Стрэндж" сияқты фильмдердегі рөлдері арқылы бүкіл әлемге танымал болды.

Бүған дейін Астанадағы Comic Con фестивалінің қонағы болған канадалық әйгілі актер Перси Хайнс Уайт алдағы қыркүйек айында елордада өтетін V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына міндетті тұрде қатысатынын айтқан болатын.

Перси Хайнс Уайт – "Рождественские страшилки" және "Удалённая местность" фильмдері мен "Между", "Одарённые" және "Уэнздей" сынды сериалдардағы рөлдерімен әлемге танылған канадалық актер.

Еске сала кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстар – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Іс-шараға 89 елден екі мыңнан астам адам қатысады. Ойындар үш бағыт, яғни спорт, мәдениет және ғылым бойынша өтеді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының инфрақұрылымына елордалық 6 нысан кірді: "Астана-Арена" стадионы, "Қазанат" ипподромы, Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, "Алау" Мұз айдыны сарайы, "Qazaqstan" жеңіл атлетикалық спорт кешені, "Думан" кешені.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: