Ақтөбе облысында сиырлардың қырылу себебі: Жайылым шөп уланған
Сурет: pixabay
Ақтөбе облысында ірі қара малының жаппай қырылуына шөптің құрамында алкалоидтың көптігі себеп болды.
Бұл туралы ауылшаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің мамандары хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, шілде айында өңірдегі шаруа қожалықтарының бірінде сиырлар белгісіз індеттен қырылып, шаруа шығынға ұшыраған болатын.
Зертханалық тексерулерден кейін шөпте алкалоидтардың жоғары концентрациясы бар екені анықталып, үй жануарларының уланғаны дәлелденді.
Сондай-ақ малдың аса қауіпті ауруларға шалдықпағаны нақтыланды, деп жазады qazaqstan.tv.
Малдың ары қарай қырылуына жол бермеу үшін эпизоотиялық қарсы шаралар қолға алынып, ірі қараларға екпе салынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript