Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында прокурорлар кезекті инвесторға көмек көрсетті

Атырау облысында прокурорлар кезекті инвесторға көмек көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2024 09:44 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Атырау облысының прокуратурасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Атырау облысының прокуратурасы берген мәліметке сай, "А.Сисенов" ЖК Жылыой ауданының Құлсары қаласында жалпы құны 100 млн теңгені құрайтын сүт және сүт өнімдерін өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыруда.

Жобаны іске асыру кезінде инвестор аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы тарапынан ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруден негізсіз бас тартуда көрсетілген әкімшілік кедергіге тап болды.

Бұл жағдай инвесторға жәрдем көрсету және уәкілетті орган жол берген заң бұзушылықтарды жою туралы шешім қабылданған фронт-офис алаңында қаралды.

Қадағалау актісі бойынша инспекция басшысы кәсіпкерге қорытынды беруден негізсіз бас тартқаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, инвесторға салалық қорытынды берілді.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі жұмыс жалғасуда және қадағалау органының бақылауында болады.

Инвесторлардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында фронт-офис тұрақты негізде жұмыс істейді және тәулік бойы мобильді топ жұмыс істейді (байланыс телефоны 8-701-066-77-22).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: